ҰҚШҰ-ның мерейтолық саммиті: Мемлекет басшысы қауіп-қатер жайлы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰҚШҰ-ның мерейтолық саммиті: Мемлекет басшысы қауіп-қатер жайлы айтты

17.05.2022

Халықаралық қатынастардағы мәселелер басты назарда болғандықтан, ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Мәскеудегі жиын ұйымның жұмысына есеп беру іспеттес болды. Десе де Мемлекет басшысы оңтүстік шекаралардың қауіпсіздігін ұмытпау керегін де еске салды дейді сарапшылар.

Әсел Назарбетова, ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы:
Кешегі жиында қазіргі қауіп-қатерді Мемлекет басшысы жақсы айтты. Оның ішінде аймақ үшін маңызды бағыт қауіп ретінде қарастыратын бұл Ауғанстан. Қазіргі таңда қауіпсіздік мәселесі бірінші таңдағы мәселе болғандықтан ҰҚШҰ қызметі де жаңаша бағытты қарастыратыны белгілі.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы: 
Менің ойымша бұл осы аймақтағы мемлекеттерді толғандыратын мәселелердің бірі. Осы бағытта ұйым аясында белгілі бір шараларды бірлесе жұмыс істеу қажет деп Президентіміз айтып өтті.  Ұйым аясында осы мәселені алдағы уақытта қарастырып, белгілі бір шешу жолдарын ұстанады деген сенімдеміз.



Хабарламаларға жазылу