Келесі айда елде 45 мың тонна қант өндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі айда елде 45 мың тонна қант өндіріледі

17.05.2022

Келесі айда елде 45 мың тонна қант өндіріледі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 4 қант зауыты шикізатпен толық қамтылғанын айтты. Осы айда 35 мың тоннаға дейін қант шығарылады. Бұл ішкі нарықтың сұранысын қамтуға жеткілікті. Сонымен бірге министр қант бағасы тұрақты болады деп мәлімдеді. Нарықта келісі 400, кейбір өңірлерде 500 теңгеден сатылуға тиіс деді. Еске салайық, 23 мамырдан бастап қарашаға дейін қант экспортына шектеу қойылған. Бұл тауар тапшылығының алдын алып, импортқа тәуелділікті азайту үшін енгізілген еді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу