Шу қаласының тұрғыны жалған чек жасап, 1.5 млн теңгеге сауда жасаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шу қаласының тұрғыны жалған чек жасап, 1.5 млн теңгеге сауда жасаған

18.05.2022

Жамбыл облысында, Шу қаласының тұрғыны жалған чек жасап 1,5 миллион теңгеге сауда жасаған. Ол ұялы телефондағы сурет өңдейтін қосымшаны пайдаланып, екі ай бойы дүкен сатушысын алдап келген.

Кәсіпкер әйел өзінің алданғанын кездейсоқ білген. Дүкенге келген тұрғын онлайн аударым арқылы төлем жасап түбіртекті көрсеткен соң, қызына қаражат аудару үшін қоңырау шалған. Алайда кәсіпкердің шотына ақша түспеген. Күдікті ретінде 26 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу