Түрік лирасы 2 пайызға арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік лирасы 2 пайызға арзандады

18.05.2022

Түрік лирасы тоғызыншы күн қатарынан әлсіреуде. Жаһандық рецессия қаупінен валютаға қысым түсіп отыр. Украинадағы әскери қақтығыс себебінен энергетикалық шикізат бағасының өсуі де кері әсерін тигізді. Биыл лира 17 пайызға құнсызданды.

Сарапшылардың пікірінше, елге шетел валютасы ағылмаса, түріктің төл ақшасы әрі қарай құлдырауы мүмкін. Жыл басында лирадағы депозиттерді құнсызданудан сақтайтын үкіметтік бағдарлама арқасында, сонымен бірге орталық банк өз резервінен шетелдік валютаға деген сұранысты толтырғанда жағдай тұрақты болған еді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу