Елімізде күн сайын орташа есеппен 15 мың адам коронавирусқа қарсы екпе алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Бүгінде вакцинаның бірінші компонентімен 9,5 млн адам егілген. Екінші компонент 9,2 млн адамға салынған. Ал ревакцинациядан 4 млн адам өткен. Қолданыстағы вакциналар коронавирустың жаңа штамдарынан 75 пайыз қорғайды, деді министр. Жалпы алғанда, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне қауіпті індетті шамамен 10-ға жуық адам ғана жұқтырады. 12 өңірінде «Стелс-Омикрон» штаммы анықталған. Коронавирус инфекциясының бұл түрі «Дельта» вирусына қарағанда жеңіл өтеді. Сондықтан, маска тағу режимін қайта енгізуге әзірге еш негіз жоқ.
Берік Көшербай