«Биыл Алакөлдің Шығыс Қазақстандағы жағалауына 1,5 миллионнан астам адам демалуға келеді » деген болжам бар. Қазір көл жағасындағы жағажайлар жөнделіп, демалыс орындары қонақтарды қабылдауға дайындыққа кірісіп кетті. Онда 200-ден астам туристік база болса, биыл жаңадан тағы 17-сі іске қосылмақ. Бюджеттен жолды жөндеу үшін, 30 миллион теңге бөлінген. Қосымша 200 демалыс орнына интернет орнатылды. Пандемия кезіндегі шектеулер алынып тасталғандықтан, биыл туристердің саны да көп болмақ.
Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:Кәсіпкерлер дайын. Өздеріңіз білесіздер 1,5 миллион адам келгенде оның бәрін тамақтандыру керек. Көлік саласы, қызмет, автобус осының бәрі үлкен шаруа.
Ержан Жақып