Жиынға ғалымдар, ата-аналар комитетінің төрағалары мен 100-ге жуық педагог қатысты. Қазір бала тәрбиесі өте өзекті. Сол себепті форумда негізінен бала тәрбиесінің ерекшеліктері, отбасы құндылығы және ұлттық тәлім-тәрбие берудің маңызы секілді тақырыптар талқыланды. Дегенмен қалай болса да, бала тәрбиесіне ең алдымен ата-ана жауапты болуы қажет. Осыған орай жиында, білім саласының мамандары баяндама жасап, көп балалы аналар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Талғат Жамалов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:Жастар балалар бұрынғы уақытта доп ойнап өсетін болса, қазіргі балалар телефонмен ғаламтормен өсіп жатыр. Сондықтан өзекті мәселе өте көп.