Түрік лирасы тоғызыншы күн қатарынан әлсіреп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік лирасы тоғызыншы күн қатарынан әлсіреп жатыр

18.05.2022

Түрік лирасы тоғызыншы күн қатарынан әлсіреп жатыр. Жаһандық рецессия қаупінен валютаға қысым түсіп отыр. Украинадағы әскери қақтығыстан энергетикалық шикізат бағасының өсуі де кері әсерін тигізді. Биыл лира 17 пайызға құнсызданды. Сарапшылардың пікірінше, елге шетел валютасы ағылмаса, түріктің төл ақшасы ары қарай да құлдырауы мүмкін. Жыл басында лирадағы депозиттерді құнсызданудан сақтайтын үкіметтік бағдарлама арқасында, сондай-ақ орталық банк өз резервінен шетелдік валютаға деген сұранысты толтырғанда, жағдай тұрақты болған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу