Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 232 мыңнан асты. Алты адам қайтыс болған. Елде вирус тарап жатқаны туралы ақпарат, өткен аптада шықты. Содан бері инфекция 1 миллион 720 мың адамнан анықталып, 62 тұрғын қаза тапқан. Бастапқыда індет "белгісіз безгек" деп аталып, кейін оның коронавирус екені расталды. Солтүстік Корея лидері тұрғындарға вирусқа қарсы дәрі-дәрмекті жеткізу үшін, әскерилерді жұмылдыру туралы шешім қабылдады. Ким Чен Ын Үкімет мүшелерін коронавируспен күресте уақтылы әрі дұрыс шаралар қабылдамағаны үшін сынға алды.
Арай Төлегенқызы