«Үлкен жетілік» елдерінің қаржы министрлері Украинаға жәрдем беру мәселесін талқылау үшін Германияның Кенигзинтер қаласына жиналды. Сонымен қатар, бұл жиында энергетикалық саясат, әлемде бағаның өсуі, климаттың өзгеруі, азық-түлік дағдарысы қаупін еңсеру мәселелері қаралады.
«Үлкен жетілікке» Америка Құрама Штаттары, Жапония, Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия кіреді. Олар ертең Киевке көмектесу жөнінде келісім жасауы мүмкін.
Айта кетсек, Украинаға қазір бюджеттік қызметкерлердің жалақысын төлеуге және әкімшілік жұмыстарды қамтамасыз етуге 5 миллиард доллар қажет болып отыр.
Арыстан Рысбек