Батыс Қазақстан облысында тұрғындар Конституцияға енгізілмек реформалардан жан-жақты хабардар - депутаттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында тұрғындар Конституцияға енгізілмек реформалардан жан-жақты хабардар - депутаттар

19.05.2022

Батыс Қазақстан облысында тұрғындар конституцияға енгізілмек реформалардан жан-жақты хабардар. Алдағы референдум маңызын түсіндіруге келген Парламент депутаттары осылай дейді. Олар ауыл-аймақты аралап, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Ұжымның сан сауалына жауап беріп, саяси науқанның әр тұрғын үшін маңызды екенін насихаттады.

Снежана Имашева ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Тек қала емес, Жәнібек ауданында болдым, Жалпақталда, Казталовта, ауылдарда болдық. Халық өте жақсы хабардар. Жалпы қолдап жатыр. Осы конст реформалар туралы өте жақсы біледі. Жан-жақты ақпарат алып жатыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу