«Қазсушар» компаниясы орынсыз шығындалып отыр. Шығыс Қазақстандағы бөгеттер мен су қоймаларын қалпына келтіру негізсіз кешіктіріліп жатыр. Бұл - жобаның қымбаттауына әкеп соқтырады. Осы мәселені көтерген депутат - Үкімет басшысына сауал жолдады. Уақытылы қаржыландырылмаса - 28 мың гектардан астам суармалы жер құрғап, өндірушілердің де, елді-мекен тұрғындарының да берекесі кетеді дейді ол.
Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
Жөндеу жұмыстарының негізсіз кешігуіне байланысты Зайсан ауданындағы Үйдене су қоймасын қалпына келтіру құны 851 миллион теңгеге өсті, ал Қарғыба өзеніндегі бөгетті жөндеу 320 миллион теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.