Қостанайда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйел адамды алып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден әйел адамды алып шықты

20.05.2022

Қостанай қаласында өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 36 жастағы әйел адамды алып шықты. Оқыс оқиға Жамбыл көшесіндегі жеке секторда болды. Тұрғын үйдің төбесі өртеніп, от 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер әйел адамды үйге жапсарлас салынған шаруашылық бөлмесінен алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Дәрігерлер оған аздап иіс тигенін айтады. Өміріне қауіп жоқ. Өрттен одан басқа ешкім зардап шекпеген.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу