Атырауда адам ұрлау мен зорлауға қатысты қылмысты жасырған екі учаскелік полицей сотталды. Тергеу кезінде күдікке ілінген инспекторлардың жәбірленушіден түскен арызды жасырып, жалған хаттама толтырғаны анықталды. Жұмысына салғырттық танытқан тәртіп сақшылары құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан біржола айырылды. Әрқайсысына 3 жылдан бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жандос Темірғали