Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының бірінде заң бұзушылықтар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының бірінде заң бұзушылықтар анықталды

20.05.2022

Ақтөбедегі жоғарғы оқу орындарының бірі олқылыққа жол берген. Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті «Қазақ-Орыс Халықаралық университетінен» заңбұзушылықты анықтады. Оқу орнында кей мамандықтар бойынша кәсіби біліктілігі сай келмейтін мамандар дәріс оқыған. Ал, студенттердің 96 пайызы сынақ кезінде шектік деңгейден аса алмаған. Аудитория мен лабораториялар жетіспейді. Бұл анықталған кемшіліктердің бір парасы ғана. Оларды реттеу үшін уақыт берілді. 

Хабарламаларға жазылу