Сарапшылар пікірі: Билік тармақтарының құзыреті өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар пікірі: Билік тармақтарының құзыреті өзгереді

20.05.2022

Конституцияға енгізілген жаңа түзетулер саяси жүйенің мәнін өзгертіп, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынас теңгерімін оңтайландырады. Облыс әкімдерінің жауапкершілігі артады. Түркістан қаласында өткен «Конституциялық референдум: қоғам дамуының болашағы» атты басқосуға қатысқан «Sarap» эксперттік клубының сарапшылары халыққа реферундум өткізудің маңыздылығын түсіндірді. «Қазақстандық қоғамдық даму институты» ұйымдастырған жиында ел дамуындағы Конституцияның рөлі талқыланды. Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңызы айтылды. Парламенттің де рөлі де артады. Әсіресе, қоғамда белсенді азаматтарға саяси аренада жол ашылып, құқық қорғау саласы жүйелі түрде нығая түсетін болады.

Аян Сакошов, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы:

Көптеген мәселелер бірнеше жыл қатарынан шешілмей келеді. Осындай мәселелер шет қалып, басқа мәселелерге көңіл аударып жатады. Яғни осындай жұмыстарды шешу бағытында ең бірінші жергілікті қоғамның және халықтың пікірін ескеріп отыру керек. Бұл өзгерістер осы жұмыстың негізгі заңнамалық базасын бекітетін болады.


Хабарламаларға жазылу