Талдықорғанда 2022 жылғы референдум: Жаңа саяси өлшем және екінші республика тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Басқосуда Мәжіліс депутаттары мен әр аймақтан келген қоғамдық келісім мекемесінің басшылары референдум жайында пікір алмасып, саяси науқанның мемлекет үшін маңыздылығын талқылады. Жиналғандардың айтуынша, Конституциядағы өзгерістер Жаңа Қазақстан құруға толық мүмкіндік береді. Әсіресе Президенттің уәкілеттігін азайтып, билікті Парламентке бағыттауы азаматтық қоғам қалыптастыруға, халықтың дауысымен санасуға жағдай туғызады. Әкімдердің сайлануы, Мәжіліс пен Мәслихаттағы мажоритарлық сайлау азаматтардың жеке таңдауын жасауға және жеке тұлғалардың өз кандидатурасын ұсынуға кепіл бола алады.
Зәкіржан Күзиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуататы:
Ақыл айтатындар көп қазір бізде. Сол үшін Президент Конституцияға өзгеріс беріп жатыр. Әмбе сондай адамдарға мүмкіншілік болып жатыр. Кел де ана жерде жазба, бар да сол жұмысты істеп, Жаңа Қазақстанды құр деп жатыр. Ол жаңа Қазақстанды бізге ешкім келіп құрып бермейді. Ол жаңа Қазақстанды біз өзіміз құру керекпіз.
Айбек Самат, Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі саясат басқармасы Ассамблея бөлімінің басшысы:
Ассамблея жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Өйткені қазір Қазақстан көпұлтты мемлекетпіз. Осы мемлекеттің ішіндегі ұлттарды біріктіріп, оларды жаңа Қазақстанның идеологиясын дамыту үшін Ассамблея орны ерекше деп ойлаймын. Енді осы тұрғыдан қарағанда жаңа редакция бізге үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Амангүл Жайылханова, Маңғыстау облыстық қоғамдық келісім КММ басшысы:
Бұл жердегі енгізіліп отырған өзгерістер біздің елімізді басқарып отырған Президентке тікелей байланысты. Бұрынғы кезде көп басымдылық Президенттік басқаруға берілген болса, қазір бізде оны жаңағы халық арқылы, Конституция арқылы халық шешетін болады деп ойлаймын.