Елордада ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Ақ боз үй» фильмінің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Ақ боз үй» фильмінің тұсаукесері өтті

20.05.2022

Елордада ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Ақ боз үй» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмде сонау зұлмат жылдардағы кеңес үкіметінің озбыр саясаты баяндалады. Осы қиянаттың салдарынан малынан айрылып өз елінен босып кеткен миллиондаған қазақтың халі суреттелген. Кинотуынды жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы негізінде түсірілген. Зұлмат күндердің зобалаңын көрген мыңдаған адамның тағдырын толғана суреттейтін фильмнің көрсетіліміне Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Парламент депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар бұл туындының алдағы уақытта отандық және шетелдік кинофестивальдерде жоғары тұғырдан көрінуіне тілектестік білдірді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Хабарламаларға жазылу