Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

20.05.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады. Жанат Элиманов Агенттіктің көлеңкелі экономикаға, қаржылық пирамидаларға және елден капиталды заңсыз шығаруға қарсы күрес саласындағы жұмыстарының нәтижесі туралы баяндады. Айтуынша жыл басынан бері 727 экономикалық құқықбұзушылық анықталған және 67 миллиард теңгенің шығыны өтелген. Бұдан бөлек, адал бизнеске жасалатын қысымды жою жөніндегі президент тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берді.

Жанат Элиманов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы:
Жыл сайын экономикалық қылмыс саны азайып жатыр. Бұдан бөлек кәсіпкерлерді ұзақ уақыт бойы күрделі жағдайда қалдырған 3 мыңнан аса қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеу мерзімі үш есе қысқарды. Соның нәтижесінде биыл әрекетімізге түскен шағымды үш есе азайтуды көздеп отырмыз. Бұл бағытта жұмысымыз жалғасады.


Хабарламаларға жазылу