Шағын несие беру жасын керісінше ұлғайту ұсынылып отыр. Қазір 18-ге толған кез келген адам онлайн несиелерді ала береді. Қазақстан жастары конгресінің хабарлауынша бұл студенттер үшін қауіпті. Өйткені қарыз алып, оны құмар ойынға жұмсайтындар көбейіп барады. Кейін пайызы көп несиелерді ата-анасының жабуына тура келеді. Сол үшін жастар конгресі онлайн микрокредит беру жасын 18-ден 21-ге дейін көтеруді ұсынып отыр. Бұл лудоманияға шалдыққан жастар санын азайтады дейді. Статистикаға сенсек, қазір 350 мың қазақстандық құмар ойынның құрсауынан шыға алмай жүр.