Шымкентте жойқын жарылыс болды: қаза тапқандар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жойқын жарылыс болды: қаза тапқандар бар

21.05.2022

Шымкентте перзентхана жанындағы дәріханада жарылыс болды

Оқиға бүгін түскі сағат 12:00 шамасында болған.

Жарылыс салдарынан «Меж больничная 138 дәріхана» ЖШС-не тиесілі 2 қабатты жеке тұрған ғимаратта өрт шыққаны анықталды.

Ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метр қабырғалары кірпіштен қаланып, төбесі ағаш жәшікке салынған. Сағат 12:06-да өрт ауыздықталды. Өрт аумағы шамамен 55 шаршы метр.

Жарылыс салдарынан 130 шаршы метр аумақта ғимараттың ішінара құлауы орын алды. Сондай-ақ 5 қабатты тұрғын үйдің жанындағы пәтердің балконы мен терезелері және 7 жеңіл автокөлік зақымдалды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнында ер адамның мәйітін тапты. Оның жеке басы анықталуда, алдын ала мәлімет бойынша – күзетші.

ТЖ жоюға ТЖД 37 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды.

Жарылыстың себебі анықталуда, ТЖ жою жұмыстары жалғасуда.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу