Ұлттық арна тамыздың 25-нен бастап көрермендеріне жаңа телехикая ұсынады. «Құбылай хан» деп аталатын тарихи телехикая көршілес Қытай елінде түсірілген. Бұл - Қытай телехикаяларының ішіндегі ең қымбат түсірілім.
Жұмсалған қаржының көлемі 1,5 миллиард юань, яғни, 250 миллион АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, бұл телехикаяны түсіруде 5000-нан астам адамнан құралған түсірілім тобы жұмыс істеген.
«Құбылай хан» сериалы Америка-Қытай кинофестивалінде «Алтын періште» және «Ең үздік режиссерлік жұмыс» деген номинациялары бойынша бас жүлдені иемденген.
Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ