Қоғам пікірі: Енді халық пен биліктің арасында байланыс орнайтын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам пікірі: Енді халық пен биліктің арасында байланыс орнайтын болады

21.05.2022

Ел тарихындағы елеулі оқиға референдумға екі аптадай уақыт қалды. Мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне халықтың белсенді араласуына мүмкіндік беретін конституциялық реформаларға қатысты қазақстандықтардың пікірі қандай? 

Бұрынғыдай айттым-бітті деген суперпрезиденттік келмеске кетеді. Енді халық пен биліктің арасында алтын көпір, байланыс орнайтын болады. Бұл –  Президентіміздің еститін мемлекет концепциясының іске асып жатқаны.

Қазақстанды әрбір елдің азаматы ат салыспаса, соған ынта-жігер білдірмесе, ол қайдан құрылады, қайдан пайда болады?! Өзгерістерді қолдаймыз, қатысамыз. Заң аясында ғана жұмыс жасайық, заңның орындалуы үстемдік етсін. Соны бақылайық.

Жоспарда жоқ.
Әділеттік орнасын, демократия болсын. Халыққа жағдай жасасын.
 Жаңа Қазақстандағы бірінші референдумымыз. Ешқандай қоспасыз, таза, өтіріксіз өтеді деп сенемін. Бұған қосыламын. Бірақ халықтың қандай игі тілегі бар –  сол орындалса екен. Ол кісілердің заңға қосылатын алып-қосарлары таза қосылса екен деп ойлаймын.
Шерхан Мұртазаның бір сөзі бар ғой: «Адам заң үшін тумайды, заң адам үшін жасалады» деген. Заңды өзгерту, оны өзіміздің тіршілікке бейімдеу өз қолымызда.
 Жаңа Қазақстан деп жатырмыз ғой. Сол өзіміздің қолымызда деп ойлаймын. Әркім өз ойын ашық айту керек деп ойлаймын. Сондықтан барамын.
 Референдумға барамын. Жалпы бейбітшіл қоғам құру үшін адамның құқығы мен бостандығын жетілдіруіміз қажет. Ал бұл референдумда реформалық өзгерістер енгізілмек.
Халықтық референдум халықтың саяси санасының оянуына ықпал етеді. Қателеспесем, Конституцияның 33 бабына 56 түзету енгізіледі. Елді демократиялауға бастайтын, экономикамызды сауықтыруға бастайтын көптеген өзгеріс болғалы тұр. Әр қазақстандық саяси таңдау жасауы керек.
Президент билігінің тең жартысын мәжіліске беру. Сол жағы егер жүзеге асатын болса, егер осы референдум рас болатын болса, Президент билігінің шектелуін қолдаймын.


Хабарламаларға жазылу