Ресей армиясы Украинаның Северодонецк және Славянск қалаларын алуға әрекет жасап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей армиясы Украинаның Северодонецк және Славянск қалаларын алуға әрекет жасап жатыр

23.05.2022

Ресей армиясы Украинаның Донбасс аймағындағы Северодонецк және Славянск қалаларын алуға әрекет жасап жатыр. Сондағы мақсаты – майдан шебін бұзып, Луганск облысының әкімшілік шекарасына өту. Алайда, Украина бас штабының хабарлауынша, екі бағытта да ресейліктер сәтсіздікке ұшырап, адамдарын жоғалтып, кері шегінген. Мәскеудің көздегені – Луганск және Донецк облыстарымен бірге елдің оңтүстігін де алу. Президент Владимир Зеленский әкімшілігі болса, жексенбі күні мәлімдеме жасап, Ресеймен ешқандай ымыраға бармайтынын және оған территория бермейтінін ескертті. Әрі Украинаға Польша президенті Анджей Дуда барып, Зеленскиймен кездесті. Киевте өткен баспасөз маслихатында Дуда Еуропа одағы елдерінің лидерлерін Украинаны осы интеграциялық блокқа қабылдауға шақырды. Ал, Брюссель Украинаның одаққа өтуге кандидаттығы туралы өтінішіне қатысты баяндаманы маусымда жариялайын деп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу