Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты қабылдады

23.05.2022

Елімізде өнеркәсіп саласында импорт алмастыруға бағытталған 700 инвестициялық жоба әзірленді. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Пайдалы қазбалар кен орындарының бәріне тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 118 лицензияның қызметі тоқтады.

Министр республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғырту, жөндеу және салу жұмыстары туралы баяндады. Президент күре жолдардың құрылысы ерекше бақылауда болатынын еске салды. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес мемлекеттермен экономикалық ынтымақты дамыту қажет екеніне назар аударып, министрге бірқатар тапсырма берді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу