Еліміздегі ресейлік еншілес банктердің шотындағы қаржы бұғатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі ресейлік еншілес банктердің шотындағы қаржы бұғатталды

23.05.2022

Батыстың Ресейге салған санкциясына байланысты еліміздегі ресейлік еншілес банктердің шотындағы 9 миллиард 200 миллион теңге бұғатталды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының айтуынша оның үш миллиардты Сбербанкке, 6 миллиардтан астамы Альфа банкке тиесілі. Оның үстіне клиенттердің шетел валютасындағы 7 миллиад теңгеге жуық жеке ақшалары да бұғатталған. Қазір Альфа-банк өзге акционерлерге өткені белгілі. Сол үшін банкті санкцилық тізімнен шығару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу