Ақтауда мектеп түлектеріне мейрамханада кеш өткізуге тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда мектеп түлектеріне мейрамханада кеш өткізуге тыйым салынды

24.05.2022

Ақтауда мектеп түлектеріне мейрамханаларда кеш өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева хабарлады. Оның айтуынша, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді шақыруға, көліктер жалдап, көшеде экскурсия өткізуге болмайды. Сондай-ақ, қаражат жинап, мұғалімдерге сыйлық беруге де рұқсат жоқ. Мектеп бітіру кешін мектепте және білім беру ұйымдарында ғана өткізуге рұқсат. Биыл өңірде 7 жарым мыңнан астам түлек мектеп бітіреді.

Хабарламаларға жазылу