Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Италиядан басым түсті. Алғашқы кезеңде Валерий Орехов құраманы алға шығарды. Ал ойынның екінші жартысында Әлихан Әсетов қанжығасын майлады. Ал соңғы жиырма минуттық кезеңде Роман Старченко мен Никита Михайлис командасын алға шығарып, қарсыластардың қақпасына шайба соқты. Сөйтіп, кездесу 5-те 2 есебімен аяқталып, Қазақстан элиталық дивизион жолдамасына иелік ететін болды.