Су үнемедеген шаруаларға мемлекет қолдау көрсетеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Егістіктерді тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін оңтүстік аймақтарды ірі инвестициялық жобалар да жүзеге асырылады. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланысты. Дарын, тағы қандай мәліметпен бөлісе аласыз?
Дарын Сағитов, тілші:
Судың да сұрауы бар демекші, енді егістік алқаптарда тіршілік нәрін үнемдеген шаруалар қолдауға ие болады. Егер кәсіпкер заманауи суару жүйесін сатып алып, ол үшін инфрақұрылым тартса, кеткен шығындардың тең жартысын субсидиялау көзделіп отыр. Биылдың өзінде аймақтарда 268 жоба жүзеге асады. Судың құны да субсидияланады. Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Алматы облыстарында су үнемдеу технологияларын қолдану пайызы жоғары, деді Ауыл шаруашығы министрі. Суды көп қажет ететін дақылдарды әртараптандыру бағытында биіл күріш алқабы шамамен 9 мың гектарға азаюы мүмкін. Бірақ мақта алаңы керісінше 9 мың гектарға кеңейіп отыр. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығына арналған судың небәрі 60 пайызы ғана егіс алқаптарына жетіп отырғанын айтты.
Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі:
Қалған бөлігі инфрақұрылымның нашарлығынан далаға кетеді. Сондықтан каналдар мен су қоймаларын жөндеп, су ресурстарын басқаруды автоматтандыру қажет. Әкімдіктер бұл мәселені бақылауында ұстап, су шаруашылығы объектілерін цифрландыру және автоматтандыру жөніндегі жол карталарын уақтылы іске асыруға тиіс.
Өткен жылы 11 млн адам газға қол жеткізді
Жиында Экология министрі биыл Шардара су қоймасына келетін су көлемі 2 жарым есе ұлғаяды деп сендірді. Бұған былтыр күзде қолға алынған шаралар мен қолайлы климаттық жағдай мүмкіндік туғызады. Үкімет отырысында елді газдандыру жұмыстары да пысықталды. Энергетика министрінің мәліметінше, өткен жылы 11 млн адам көгілдір отынға қол жеткізген. Биыл тағы 93 елді мекенді газбен қамтып, газдандыру деңгейін 58 пайыздан асыру көзделген.
Дарын Сағитов