Сирия бойынша келіссөздердің 18-ші раундын Қазақстанда өткізу көзделген. Бұл туралы еліміздегі Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Жоспар бойынша, тараптардың кездесуі Нұр-Сұлтан қаласында 14-16 маусымда өтеді. Қазіргі таңда қатысушыларға шақырту жіберіліп, олардан жауап күтілуде. Сириядағы ахуалды реттеу бойынша елімізде 2017 жылы 7 рет халықаралық деңгейдегі кездесулер өткен.
Берік Көшербай