Шымкентте республикалық референдум өткізуге байланысты тексеру сервисі іске қосылды. Дауыс беру құқығына ие азаматтар енді сол арқылы өздерінің тізімде бар-жоғын алдын ала анықтай алады. Сондай-ақ шаһарда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру учаскелеріне келуіне барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр. Оларды жеткізу, үйіне апарып салу үшін 55 инва-такси жұмыс істейді. Құлағы естімейтін, көзі көрмейтін азаматтар үшін кабиналар арнайы құралдармен жабдықталды. Бүгін Шымкенттегі дауыс беру учаскелерінің мүшелері республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты семинар-кеңесте ақпарат құралдарын тіркеу, учаскелерде заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, дауыс берушілерді ақпараттандыру жайы да пысықталды. Қазір аймақта 317 референдум комиссиясы жұмыс істеп тұр.
Мұхтар Ерман, Орталық референдум комиссиясының хатшысы:
Техника жағынан, ақпарат жағынан біздің учаскелік комиссияның мүшлері оқудан өтті. Біразы сертификат алды. Негізгі мәселе сайлаушылардың тізімін дұрыстап қарау керек біздің әріптестер. Қосымша ақпараттық материалдар жіберудеміз. Оларды кеңінен тарату керек.
Ғани Қалмаханов