Техас штатының Ювальд қаласындағы мектепте атыс болып, 18 оқушы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техас штатының Ювальд қаласындағы мектепте атыс болып, 18 оқушы қаза тапты

25.05.2022

АҚШ-тың Техас штатының Ювальд қаласындағы мектепте атыс болып, 18 оқушы қаза тапты. Сонымен қатар, 1 мұғалім жан тәсілім еткен. Ал оларға оқ жаудырған 18 жастағы Сальвадор Ромасты полицейлер оқиға орнында атып тастады. Мектепке бармас бұрын Ромас әжесін де өлтірді деген мәлімет тарап жатыр. Оның мұндай ауыр қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Атыс кезінде екі тәртіп сақшысы зардап шегіп, жеңіл жараланған.

Трагедияға байланысты президент Джо Байден мәлімдеме жасап, құрбандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Және де ол қару саудасын шектеу заңын қабылдауға кедергі жасап отырған лоббиге қарсы дереу шара қолдануға шақырды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу