Референдум - халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін саяси шешім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум - халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін саяси шешім

25.05.2022

Алдағы өтетін референдум азаматтық қоғамның алға жылжып, елдегі билік тармақтарының құзыретін кеңейтумен қатар, жауапкершілігін де арттырады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының дамып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін саяси шешім дейді көпшілік халық.

Өзгерістердің ішіндегі бір позиция көңілімнен шықпайды. Ол тіл мәселесі. Меніңше мемлекеттік тіл ретінде Конституцияда тек қазақ тілінің ғана мәртебесі айтылуы тиіс. Иә, тілді игермеген отандастарымыз көп. Мысалы мына мен сияқты. Бірақ бұл өзіміздің проблемамыз. Үйренсін. Мен өзім үйреніп жүрмін.
Барамыз, қолдаймыз. Сол халықты тыңдап, халықтың жағдайы бәрі жақсы болса неге бармасқа? Барамыз. Ел қатарлы барып, дауыс береміз.
98 баптың 33-іне жаңартулар енгізіледі деп отыр. Бүгінгі таңда осы 33 баптың ішінде 31-не нақты өзгерістер енгізіліп, жаңа екі бап қосылады деді. 20-дан астам заңға өзгертулер енгізіледі деген жоспар бар. Осы жоспарлардың ішіндегі, мынау әсіресе адамның құқығын қорғайтын заңдық негіздегі алынып жатқан дүниелердің барлығы еліміз үшін құптарлық дүние деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу