Батыс Қазақстан облысында 5 жастағы баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 5 жастағы баланы тоқ соғып, екі қолынан айырылды

25.05.2022

Батыс Қазақстан облысында трансформатор тоғы соққан 5 жастағы баланың екі қолына ампутация жасалды. Қазір жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Оқиға Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында болған. Төрт бала ойнап жүріп, ауыл шетінде қоршаулы тұрған подстанция ауласына кіріп кеткен. Бес жастағы бала трансформатордың қақпағын ашып, токқа соғылған. Ауыл әкімі Садуақас Ғұбашевтің айтуынша, ер бала санавиациямен қалаға жеткізілген. 18 пайызы күйген екі қолына ампутация жасалған. Ауылда кеңес кезінде салынған трансформатор қоршалғанымен, әбден тозған. Ал балалар қараусыз жүрген.

 Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу