Бразилияда полицейлердің есірткі тасымалдаушыларға қарсы арнайы операциясы кезінде 21 адам оққа ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда полицейлердің есірткі тасымалдаушыларға қарсы арнайы операциясы кезінде 21 адам оққа ұшты

25.05.2022

Бразилияда полицейлердің есірткі тасымалдаушыларға қарсы арнайы операциясы кезінде 21 адам оққа ұшты. Мерт болғандардың арасында бір жазықсыз әйел бар. Оған абайсызда оқ тиген. Ал қалғандары - есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топ мүшелері. Олар полицияға қарсылық танытып, автоматтан оқ атқан. Оқиға Рио-де-Жанейроның кедейлер тұратын ауданында болды. Куәгерлердің сөзінше, атыс таңғы сағат 4-те басталып, тұрғындар арасында қорқыныш пен үрей тудырса керек. Полиция операция барысында қылмыскерлерге тиесілі мылтықтар, тапаншалар мен гранаталарды тәркілеген.   


Хабарламаларға жазылу