Референдум: Заң шығарушы және атқарушы билік тепе-теңдік сақтаса, қоғамда тұрақтылық болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: Заң шығарушы және атқарушы билік тепе-теңдік сақтаса, қоғамда тұрақтылық болады

25.05.2022

Сот, заң шығарушы және атқарушы билік тепе-теңдік сақтаса, қоғамда тұрақтылық болады. Референдумда қабылданатын өзгерістер халық атынан билік жүргізуге ықпал етеді. Бұл туралы бүгін сарапшылар мен ғалымдар Конституциядағы түзетулерге егжей-тегжейлі тоқталып, маңызды қадамдарын атап өтті. Мәселен, әр азамат өз құқықтарын қорғау үшін жаңа құрылатын конституциялық сотқа шағымдана алады. Бұған дейін қазақстандықтарда мұндай құқық болған жоқ. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік өкілеттілігінің аясы да едәуір кеңейеді. Жергілікті әкім, мәслихат депутатының өз жеріне жанашыр болуға құзыреттілігі де, жауапкершілігі де артады.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары:
Біз 5-і күні, мысалы, Конституцияға дауыс бердік. Ертеңіне, Президент осы Конституциядағы өзгерістерге сәйкес, мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімін барлық мәслихаттарға айтып міне менің екі кандидатым осы сайлауда дауыс беріңіздер деп айта алмайды. Себебі заңдық негіз жоқ. Сол себептен Парламенттің мықты болуы ол заң шығарушы орган мен заңның сапалы болуы.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу