Жиналғандар референдумның мән-маңызын талқылап, ой-пікірін ортаға салды. «Жаңа Қазақстанның» келешек келбеті жайлы ойларымен бөлісті. Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қоғам түгелдей ат салысуы керек. Халықтың пікірі маңызды. Шараға қатысушылардың айтуынша, референдум - ең маңызды мәселелерді халықпен бірге ақылдасып шешудің негізгі тетігі. Іргелі істерде бұқараның бас болып, өз таңдауын жасауы – ел тұтастығының кепілі.
Берік Көшербай