Қазақстанда «Алтын адам» туралы кино түсіруді қолға алу керек. Бұл жөнінде бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа жиналысында айтылды.
«Кешке дейін жоңғарлармен соғыса бермей, әл-Фараби секілді ұлы тұлғалар мен спортшыларымыз туралы да туындыларды жарыққа шығару керек», - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Алқа жиналысында жартыжылдықтың қорытындысы мен алдағы жоспарлар айтылды. Министр өз сөзінде әр театрда көркемдік кеңес құрылуын, мұражайлар ғылыми-танымдық орталыққа айналу керектігін баса айтты.
Саламат ОМАШ