Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Дүниежүзілік Денсаулық сақтау 9йымының өкілдерімен кездесіп, темекіге қарсы бақылауды күшейту мәселесін талқылады.
Премьер-министр азаматтардың денсаулығын нығайтуда ұйымның ратификациядан өткен негіздемелік конвенциясы маңызды рөл атқарады дейді. Осы шаралардың арқасында халықтың өмір сүру жасы ұзарып, темекі тұтыну деңгейі төмендеген.