Конституцияға ұсынылған өзгерістерде барлық сатыдағы тұрғындардың құқығы мен мүдделері қарастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституцияға ұсынылған өзгерістерде барлық сатыдағы тұрғындардың құқығы мен мүдделері қарастырылған

29.05.2022

Енді конституциялық реформа тақырыбына тоқталсақ. Келесі жексенбі республикалық референдум өтеді. Саяси науқанға дайындық қыза түсті. Қазақстан бойынша және шет елдердегі сайлау учаскелері әзірленіп жатыр. Елімізде 10 мыңнан астам, 52 мемлекетте 65 учаске құрылды. Оңғар Алпысбайұлының материалы.

Конституцияға ұсынылған өзгерістерде барлық сатыдағы тұрғындардың құқығы мен мүдделері қарастырылған. Әр қазақстандық мемлекеттің дамуына, өзгеруіне үлесін қоса алады. Тіпті, биліктің төменгі сатысынан бастап, өсуіне мүмкіндігі болады. Мәселен халыққа шынайы жаны ашитын өзгерістерге бастамашы болатын адамдар мәслихатқа, тіпті мәжіліске депутаттықа өзін өзі ұсына алады.

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл да енді бір жаңаша болашақта мәжілістердің парламенттік жағынан құрамы өзгереді, жұмысының сапасы өзгеруі мүмкін. Тәуелсіз депутаттар келіп, өзінің жаңағы осы жердегі мәжілістің, отырыстың өзінде бәсекелестік күшейді. Ол да бір үлкен жаңа сапасына әкеледі деп ойлаймын.

Ләззат Разбекова, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:

Бұған дейін партиялық тізіммен өтетін депутаттарды халық білмейтін. Кім депутат болып жатыр? Ол қалай өтіп жатыр? Можаритарлық жүйемен кім халыққа жақын, кім көп дауыс жинады сол өтеді. Осы орайда депутаттардың арасында саяси бәсекелестік басталады.

Референдумда өзгерістер қабылданса, депутат болғысы келетіндер халықты құрғақ сөзбен алдай да арбай да алмайды. Уәде етілген істер жүзеге асырылмаса, көпшілік өздері сайлаған депутаттың мандатын қайтарып алуға құқылы болады. Ал өңірді басқаратын әкімдер сол мәслихат депутаттарының ұсынысымен тағайындалады.

Ләззат Разбекова, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының депутаты:

Бұған дейін өздеріңіз білесіздер. Президент әкімнің кандидатурасын ұсынады. Жәнге ол кандидатура ешбір кедергісіз өтетін. Ал енді Президент 1 емес бірнеше кандидатура ұсынады солардың ішінен мәслихат депутаттары өздері әкімді тағайындауға құқылы болады.

Қазыбек Майгелдинов, «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институтының» басқарма төрағасы:

Оған дейін маслихат әкімнің қол астындағы құрал ретінде болды. Маслихаттың кез-келген мәселелерге дауыс берген кезде әкімге қарап отырады.

Бұл өзгерістер әр тұрғын мемлекеттік мәселелерге еркін араласа алатындығын дәлелдейді.

Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры:

Қарапайым азаматқа барлық жағынан да барлық жағынан да Бүкіл заңдар сәйкес келмесе біреу құқығын бұзып жатса оған құзіретті конституциялық заң бойынша беріп тұр да бүкіл басқа биліктер қорықпай соны қорғау үшін жасап жатыр. Біз парақорлыққа қарсы, коррупцияға қарсы дауыс береміз. Теңдік болсын. Біреу кедей біреу мынадай. Болашақта бәрі де ретіне келеді. Әділеттікке келеді. Сол үшін де дауысты беру керек.

Құлаққа жағымды естілгені еліміз басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен бас тартады екен. Бұл жағдайда парламенттің рөлі артады деген сөз. Біздің сөзімізді елеп-ескеріп жатса әрине қатысамыз.

Маған ең қатты ұнағаны ол – азамат ешқандай партия мүшелігінде болмай-ақ, парламент сайлауына түсуге мүмкіндігі бар екендігі. Соның ішінде қарапайым халық та, мен сияқты жастар да саяси өмірге белсенді ат салысады.

Референдумның өтуіне тура 1 апта қалды. Ел бойынша 10012 учаске дайындалды. Әр тұрғын өзінің қай учаскеге тіркелгенін білу үшін gov.kz/referendum сайтына кіріп біле алады. Ол жерге ЖСН-ін тереді және қай аймақта тұратынын белгілеуі қажет.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша бюллетенде «2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген 1 ақ сұрақ болады. Сәйкесінше «Иә, қабылдаймын» немесе «Жоқ, қабылдамаймын» деген нұсқаның біреуін таңдауыңыз керек.

Бюлетендердің қауіпсіздігі, дауыс беру процессінің құпиялылығы және тәртіптің сақталуы заңмен қорғалады.

Ұлан Алтаев, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқарма басшысының орынбасары:

Референдум өтіп жатқан күні дауыс беру уческелерінде агитациялық іс шаралар жүргізуге болмайды. Талдау жүргіземіз, талдау барысында қандай да бір құқық бұзушылық анықталған жағдайда оған тез арада шара қабылдайды.

Халық референдумда өзгерістерді қолдаса ата-заңның 33 бабына яғни, үштен біріне түзетулер жасалды.

Бұл бес бағыт бойынша құқықтық негіз қалыптастыруға арналған. Суперпрезиденттік бас¬қару үлгісі¬нен президенттік респуб¬ликаға түбегейлі көшу; Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу; Парламенттің рөлін күшей¬тіп, мәртебесін арттыру; Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту; және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.

Референдум жайлы естідім. Бірақ та мағынасын толық түсіне алмадым шынымды айтсам. Оның мақсаты не дегендей, не себепті орын алады дегендей. Өзгерістер болса әрине жақсы ғой.

Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасына тиым салынсын.

Осы референдумнан кейін еліміздің жақсы жағына өзгеретін, жақсы қырынан көре алатынымызға мен сенемін.

Тарихқа үңілсек, серпіліс жасау үшін қолайлы сәтті күткеннен гөрі алға қарай әрдайым ұмтыла берген тиімді. Үндістанның әйгілі саясаткері Махатма Ганди «Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса» деген екен. Мемлекеттің басты құжатына толықтырулар енгізу көп елде қалыптасқан тәжірибе. Өйткені заманына қарай амал да, адам да өзгере бермек.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу