Рудный қаласында 15 жаcтағы қыз бала суға кетіп қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудный қаласында 15 жаcтағы қыз бала суға кетіп қайтыс болды

30.05.2022

Қостанай облысының Рудный қаласында 15 жасар қыз бала суға кетіп қайтыс болды. Жеткіншек Тобыл өзенінің жағалауына достарымен бірге шомылуға барған. Олар бұл жердегі суға түсуге болмайтыны жайлы белгіге де назар аудармаған. Қыз баланың жансыз денесін су түбінен құтқарушылар алып шықты. Қатердің алдын алу үшін төтенше жағдай қызметі тұрғындарға тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылу қажеттігін ескертеді. Оның өзінде арнайы шектік белгілерден асып жүзуге болмайды. Сонымен қатар балалар тек ересектердің бақылауымен ғана суға түсуі тиіс.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу