Алматыда Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды

30.05.2022

Алматыда «Жаңа Қазақстан» идеясы:бетбұрыстық нысана» тақырыбында Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланды. Жиында сөз алған жастар маңызды науқанды бірауыздан қолдайтындарын айтты.

Студенттердің пікірінше, жемқорлықсыз қоғам орнату - үлкен мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік. Шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиында сарапшылар Ата заңға енгізілетін толықтыруларды егжей-тегжейлі түсіндіріп, жалпыхалықтық референдумға қатысудың қаншалықты маңызды екенін жеткізді.

Мұхтар Есқалиев, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент: 
Біздің еліміздің болашағы біздің өскелең ұрпақ - жастардың қолында. Ата заңға енетін өзгерістер мен толықтыруларды өте патриоттық тұрғыда қабылдап жатыр. Өйткені Ата заңдағы өзгерістер жалпы Қазақстан халқының, азаматтардың, болашақ тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін беретініні сөзсіз.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу