Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылды

30.05.2022

Алматыда жаңадан «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары ашылды. Енді жаңа бекеттер арқылы тәулігіне 86 мың жолаушы қатынай алады.

Қуан Нұрақын, тілші:
Жаңадан ашылған екі бекет қазір қызмет көрсетіп тұрған тоғыз станцияның жалғасы ретінде қала орталығын шеткі аудандармен байланыстырады. Жақын күндері арасы 7-10 минут сайын қатынайтын төрт вагоннан тұратын 15 электр пойызын жіберу жоспарланған. «Бауыржан Момышұлы» станциясы Абай даңғылы бойында Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Бекеттің ашылу салтанатына Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова да келіп, тұрғындарды айтулы оқиғамен құттықтады. Алты кіреберісі бар. Станцияда алты жеделсаты мен он бес эскалатор орнатылған. Платформа ұзындығы 108 метр. Қабырғалар мен тіреуіштерді безендіру үшін ашық реңкті, маржан-сұр түсті ағашқа ұқсас керамикалық қаптамалар, ал еденді қаптауға - ашық сұр түсті табиғи гранит пайдаланылған. Болашақта «Қалқаман» станциясы құрылысын аяқтап, метроны батыс бағытта «Барлық» базарына дейін дамыту жоспарланған.


Хабарламаларға жазылу