Брюссельде Ресейге қарсы санкция мәселесі талқыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде Ресейге қарсы санкция мәселесі талқыланады

30.05.2022

Еуропа одағының лидерлері бүгін Брюссельде бас қосып, Ресейге қарсы санкцияның алтыншы пакетін талқылайды. Соның ішінде Мәскеуден мұнай сатып алуды доғару мәселесі де бар.

Жиында видеобайланысқа Украина президенті Владимир Зеленский шығып, сөз сөйлейді. Зеленский бұған дейін еуропалық одақтастарын Ресейдің энергиясынан бас тартуға және оның бюджетіне күніне миллиардтаған доллар жіберуді доғаруға шақырған еді.

Алайда, энергетикалық санкция мәселесі одақ ішінде үлкен дау тудырды. Мәселен Болгария, Венгрия, Чехия, Словакия Ресейдің мұнайы мен газына өте тәуелді. Сондықтан олар бұндай эмбаргоға келіспей отыр. Екі күндік жиында сондай ақ, Ресейдің шетелде бұғатталған миллиардтаған долларлық активтерін тәркілеу жайы да қаралады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу