Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, бір ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, бір ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді

30.05.2022

Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде газ жарылып, 1989 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқыс оқиға бірінші қабаттағы пәтерде, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Дүмпудің қатты болғаны соншалық 1-ші қабаттан 5-ші қабатқа дейін шынылар сынып, пәтерлердің бөлме аралық қабырғалары үгітіліп, есіктері бүлінген. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жарылыс болған үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Қазір оқиға орны тексеріліп жатыр.

Хабарламаларға жазылу