Елімізде қант шектеулі мөлшерде сатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қант шектеулі мөлшерде сатылып жатыр

30.05.2022

Оралда дүкендердегі арзан қантты жұрт әп-сәтте алып кетіп жатыр. Басқа жерде баға 800 теңгеге дейін өсіп кеткен. Шаһардағы сауда желілерінің бірінде екі ай бұрын Ресейден алынған қант 442 теңгеге бір қолға екі келіденғана сатылуда. Тапшылық тудырмас үшін тауар бір сауда орнында күніне 100-200 келіден ғана сөреге қойылады.

Алмагүл Өтениязова, гипермаркет директоры:

Өздеріңіз көріп отырсыздар, жаңа бір тележка шықты, 2-3 минуттың ішінде алып кетіп жатыр. Жасап отырған екі-үш адам. үлгерімі бойынша шығарып жатрымыз. таласып алып кетеді.

Облыс Көксу зауытынан келетін отандық өнімнің 6 вагонына тапсырыс берген, алды келе бастады. Бірақ бағасы бұрынғыдан қымбат болмақ.

Мирас Сүлейменов, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

Отандық зауыттарда қанттың құны - 450 теңге. Дефицит бар деу дұрыс емес, алайда баға өзгеріп жатыр. Зауытта 450 теңге болса, үстемақы 15 пайызды құрайды, сонда 517 теңге шамасында болады. Одан аспауы керек.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу