Павлодар облысында референдумның маңызы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында референдумның маңызы талқыланды

30.05.2022

«Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Павлодар облысында түрлі сала өкілдерімен кездесіп, конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы айтты. Ата Заңға енгізілетін түзетулер азаматтардың сұранысына, демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру талабына толығымен жауап береді. Сондықтан 5-ші маусымда ұжым болып дауыс беруге ынталымыз дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмысшылары. Ал, Баянауылдық белсенді жастармен кездесу, ашық аспан аясында өтті. Тәуелсіз Қазақстанда туған жастар үшін бұл жолғы референдумның жөні бөлек. Сіздер «Жаңа Қазақстанды» құрасыздар. Референдумға қатысу соның алғашқы қадамы деді Асхат Оралов. Себебі, Конституцияға енгізілетін өзгерістер әрбір отандасымыздың өміріне әсер етеді. Жастар алдағы референдумға үмітпен қарайтынын білдірді.

Бөгембай Бахитденов, биология пәнінің мұғалімі:

Ата заңымыздың өзгергені жас ұрпаққа, келешек буынға өзінің пайдасын тигізеді. Себебі, Президент айтқандай Жаңа Қазақстанды біз бірге құру керекпіз. Осы жолдан тайынбай еңбек ету керекпіз.

Болат Аманбаев  

Хабарламаларға жазылу