НАТО: Украинадағы жағдай ұзаққа созылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

НАТО: Украинадағы жағдай ұзаққа созылуы мүмкін

31.05.2022

Ресей армиясы Украинаның Северодонецк қаласының орталығына бойлай ене бастады. Бұны Луганск облысының губернаторы Сергей Гайдай мәлімдеді.

Ал елдің бас штабының дерегінше, қазір Северодонецк, Лисичанск қалаларын Бахмут елді мекенімен жалғастыратын күрежол үшін де шайқас жүріп жатыр. Ресейліктердің сөзінше, Украина жауынгерлері Северодонецктен кетуге мәжбүр болған. Алайда Гайдай олардың қаланы әлі ұстап тұрғанын хабарлады. Северодонецк пен Лисичанск – Луганкс облысында ресейліктердің қолына өтпеген қалалар. Киевті ала алмаған Ресей қарулы күштері қазір Донбасс пен Украинаның оңтүстігін жаулауға әрекет жасап жатыр.

НАТО бас хатшысының ойынша, бұл жанжал ұзаққа созылуы мүмкін. Мұны Солтүстікатлантикалық альянстың жетекшісі Йенс Столтенберг Мадридте өткен кездесуде мәлімдеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу