Елдегі басты саяси шараға студенттер де қатыспақ. Олар бейресми кездесу өткізіп, елордадағы университеттердің бірінде референдумның мақсаты мен өзгертулеріне талқылады. Конституциялық реформаға алғаш қатысқалы отырған жастар, оны маңызды шешімдер қабылданатын тарихи кезең деп есептейді.
Бекмұхамед Шәукебаев, студент:1999 жылғы тумасымын, содан бері Қазақстанның ішінде білгенім бойынша референдум өткізілмеген. Қазіргі жасалып жатқан референдум ол өте тиімді. Өйткені болашақта біз демократияға жету жолындағы бірнеше қиындықтарды шешіп отырмыз.