Такси жүргізушілерінің шетелдік қосымшаларға көңілдері толмайды. Себебі, табысының біраз мөлшері шетел асады. Бірақ, қолданбасқа тағы амал жоқ. Өйткені такси қызметіне сұраныс өте жоғары. Алайда отандық ІТ жобалар неге шетелдік компанияларға бәсекелес бола алмай жүр?
Желіде жанайқайын жеткізген мына жігіт табысының шетке кететініне налиды. Өйткені 25 пайызға жуығы комиссия ретінде ұсталады. Сондықтан такси қызметкерлерінің көбі компания жұмысына наразы. Мәселен, Ғамал Биманов та Яндексті ұзақ жыл қолданды. Қазір онда жұмыс істемейді. Себебі, күні-түн демей жолаушы тасығанмен табысы аз.
Ғамал Биманов, такси қызметкері:
Шамамен әр тапқан табысымның 16 пайызға жуығы тек комиссияға кетеді. Одан бөлек көліктің шығыны бар. Бөлшектері де қымбат. Күнделікті жанармай құясың. Сондықтан қазір жұмысымды ауыстырдым. Осы қаладағы жергілікті таксопаркке жұмыс істеймін.
Белгілі такси қосымшасы– Ресейлік жоба. Жүргізушілер қосымшаға тіркелгенмен, еңбек шарты жасалмайды. Бірақ, әр тапқан қаражатымен бөлісуге міндетті. Комиссия көлемі 15-20 пайыздан асады. Ал жолақы құны жолаушылар үшін де арзан болмай тұр.
Елімізде Такси қызметіне қатысты стартап жобалар жоқ емес. Қазір «АПАРУ», «РЕГИОН», «ТАПИ ЖЕТУ» жобалар халыққа қызмет көрсетіп келеді. Әйтсе де, халықаралық жобаларға бәсекелес болу үшін кедергілер көп.
Меруерт Тілеубергенова, Бизнес бағдарламалар бөлімінің менеджері:
Новигатор, маршуртизатор ондай техникалар өте қиын. оны қамтамасыз ету үшін жақсы прогррамисстер керек. жақсы команда керек. екіншісі заң. 06:20 Такси қызметі болуы үшін таксопаркке тіркелу керек. 09:35 техникалық мәселелерді реттеу керек. Екіншіден салық. Таксистердің тікелей жобамен жұмыс істей алатын болуы керек. үшіншіден база керек. төртіншіден мемлекет жағынан гранттар жеңілдіктер керек. сондықтан көп жұмыс істемейді.
Ал министрлік әзірге қаржылай көмек көрсетпейді. Тек инвесторлар табуға қолдау көрсетеді.
Ерхан Таткен, ҚР Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы:
Такси 5+ қызметі, «УВУ» деп аталатын қызмет, «Қазақгу» деп аталатын такси қызметі, «Сенім такси» деген жобалар бар. Қазіргі уақытта осы ұсынылған жобаларды біз министрлік тарапынан барынша қолдауға тырысып жатырмыз. 00:59Енді ұсынған жобаларға серіктестер іздеп, инвесторлар тауып осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырып жатырмыз.
Дегенмен, кей жобалар сәтті жүзеге асуда. Мәселен, елордадағы «УВУ» такси қызметі тек балаларды тасиды. Ал жүргізушілері қыз-келіншектер.
Дархан Балқыбеков, клиенттерге қолдау көрсету қызметінің меңгерушісі:
Иә, әрине қазіржоба бізде сәтті өтуде. Жұмыс істеп жатқанымызға,компанияға 1 жылдан асып келеді. Осы уақытқа дейін біз 400 ана жүргізушілернін қолдап келеміз. 00,37-00,40 екі мыңнан астам баланы біз тасымалдап үлгердік.
Раушан Сайлауқызы, тілші:
Тек биылдың өзінде «яндекс» компаниясы елімізге 2млрд 336 млн теңге салық төлеген. Әзірге осындай шетелдік қосымшалардың біздің елде жұмыс істеуіне шектеу жоқ. Тек жуырда цифрлы даму, инновация және аэроғарыш министрі мұндай қосымшалар қазақ тілді нұсқасын ұсынуы тиіс деген талап қойды. Оның ішінде «Яндекс» те бар.
Раушан Сайлауқызы, Эльмира Каленова